Болашақ журналистер үздік үштіктен көрінді

Жамбылдық жас журналистерді маман ретінде даярлап, облысты білікті кадрмен қамтып отырған университетті бүгінде «Журналистер шеберханасы» деп атайды.

Журналистика саласында аянбай тер төгіп, облыс, республикалық баспасөзде белді қызмет атқаратын әріптестеріміз де, замандастарымыз да баршылық. Ал сол қазақ журналистикасына қызмет етіп жүрген талай тарланды ұшырған Дулати университетінің журналистика мамандығы.

16-17 наурыз аралығында Сүлеймен Демирел атындағы университетте "Журналистика және ақпарат даярлау" пәні бойынша республикалық олимпиада өтті. Еліміздің он жеті ЖОО-нан келген жастар мамандық бойынша біліктіліктері мен білімдерін ортаға салып бақ сынады. Зәуреш Қойгелдиеваның жетекшілігімен университеттен журналистика мамандығының 3-курс студенттері Диана Орынбасар, Серікболсын Серпен және Нұрдәулет Асан қатысты.

Олимпиадалық бағдарлама 3 кезеңге жоспарланған. Теориялық білімнің деңгейін көрсететін алғашқы сайысқа Диана Орынбасар қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Ақпараттың дәлдігі мен жылдамдығын талап ететін екінші кезеңде Серікболсын Серпен мен Нұрдаулет Асан қарсылас командалардан бірнеше есе жоғары ұпай жинады.

Жарыстың шешуші күнінде студенттер "Жастар құқығы" тақырыбы бойынша бейнематериал дайындап, төрешілер алдында монтаж жұмыстарын көрсетті. Екі күндік олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі үшінші орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Түркістан университеті иеленіп үздік үштікті түйіндеді.

Евразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті екінші орынға жайғасты. Жүлделі бірінші орынды және келер жылғы олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін жарыс дебютанттары-Қазақ-Америка университеті жеңіп алды.

Сонымен қатар, олимпиада барысында СДУ университет ұжымы қатысушылар арасында әлеуметтік желіде байқау жариялады. Сайыс қатысуышылары білім ордасында түсірген сапалы суреттерін жазба арқылы өз парақшасында бөлісу талап етілді. Жүзден жүйрік шыққан Нұрдәулет Асан "Үздік Stories" номинациясы бойынша жеңіске жетіп, бағалы сыйлық пен марапатқа ие болды.

Прочитано 658 раз
Top