Әлем ұстаздары Әулиеатада бас қосты

Орталық Азия неміс тілі мұғалімдерінің форумы тұңғыш рет Дулати университетінде өтуде. Бұл жиын Қазақстан Республикасы неміс тілі мұғалімдерінің ұлттық одағы, StudyInn Халықаралық білім беру холдингі және Дулати университетінің бастамасымен ұйымдастырылды. Атаулы шараға халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, мұғалімдер мен еліміздің ЖОО-ның оқытушыларынан барлығы 120 спикер қатысты.

Неміс тілін сақтау және насихаттау бойынша жасалып жатқан жұмыстар жастардың болашағына жарқын әсер ететіне сенім мол. Атақты ғалымдардың жобалары мен еңбектері көбінде неміс тілінде жарық көреді. Тек ағылшын тілін жетік білумен шектелмей, ізденіс пен талпыныстың нәтижесі шекара асып көкжиекті кеңейтуге мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдары мен неміс тілі мұғалімдерінің күш-жігерін біріктіруді мақсат еткен форумға көршілес мемлекеттерден бөлек Германия, Австрия елдерінен де білікті мамандар келді.

Қазақстан неміс тілі мұғалімдер одағының президенті, Дулати университетінің неміс тілі оқытушысы Назым Дүйсенова бұл форумның алғаш рет Дулати университетінде ұйымдастырылып отырғаны үлкен жауапкершілік екенін келесі эстафета көршілес мемлекет Өзбекстанға жолданатынын атап өтті.

– Білім беру процесін интернационализациялау және жоғары білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты күшейту біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Сонымен қатар, бұл форум ортақ ғылыми зерттеу жобаларын, қосдипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, білім мен ғылымның сапасын арттыруға мүмкіндік отыр. Оған қоса біз білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық пен серіктестік арқылы мәдениетті қоғамда өзара тату-тәтті өмір сүруге, адами құндылықтарымызды бағалауға және сақтауға үлес қосып келеміз, - деді Назым Дүйсенова.

Форумның «Неміс тілімен болашаққа» девизі шет тілін білу, оның ішінде неміс тілін оқу мен оқытудың қоғамдағы маңыздылығын көрсетеді. Кездесу Тараз қаласының көне мәдени мұраларымен, киелі кесенелеріне экскурсия жасаумен жалғасын тапты.

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 6

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 7

Прочитано 553 раз
Top