Жамбыл облысы мектеп оқушыларына арналған «М.Х.Дулати еңбектерінің тәлім-тәрбиелік маңызы» атты үздік эссе байқауы өз мәресіне жетті.
Дулати университеті «Маркетинг және кәсіптік бағдарлау» департаменті және «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен өткен байқауда үздіктерді анықтау оңайға соқпаған. Аудандық, Тараз қалалық және білім басқармасына қарасты мекемелерден барлығы 36 жұмыс түсті. Шығармалар ақпан айында плагиатқа тексеріліп, үздіктері облыстық кезеңде сарапшыларға ұсынылған.
Сауаттылық пен көркем жазуды талап еткен бұл байқаудың мақсаты адамның рухани болмысы және оның философиялық мәнін ұғынуға үйрету, жастардың бойына патриоттық сананы, ел тарихын дәріптеуді қалыптастыру.
Жеңімпаз деп танылған оқушылар мен ұстаздар Дулати университетіне арнайы шақыртылып, көне жәдігерлер мен естеліктер қойылған университет мұражайына экскурсия жасады. Оқушылардың назарына Дулати мұрасы туралы "Алтын көпір" фильмі ұсынылды.
Жалынды, шығармашылыққа құштар оқушыларды Ректор кеңесшісі Гүлмира Ержанқызы құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жеңімпаздар анықталып, марапатау рәсімінің болып отырғаны үлкен қуаныш. Сіздердің әр қайссыңыздың бойыңызда жігер мен қайраттылық бар. Елге деген махаббаттарыңыз бен білімге деген ұмтылыс сіздерді биік шыңға жетелейді. Сарапшылардың айтуынша, Дулати бабамыздың тәрбие жөніндегі ой-пікірлеріне жақсы талдау жасаған жұмыстар көп екен. Іріктеу, талғау оңайға соқпаған көрінеді. Жоғары деңгейде дайындалып, бақ сынағандарыңыздың өзі үлкен жеңіс. Қай уақытта да ізденуді тоқтатпайсыздар деп үміттенемін, сенемін,- деді Гүлмира Амалбекова.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей орындар анықталып, жеңімпаздарға Дулатидың кітаптары мен сыйлықтары табысталды. Үздік жұмыстар жинақ ретінде баспа бетінде шығарылып, қатысушыларға тарту етілді.
І орын:
- Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушысы - ЕЛТАЙ ДІНМҰХАММЕТ.
ІІ орын:
- Меркі ауданы, №6 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы -КӨШЕРБАЙ ГҮЛХАНЫМ;
- Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының оқушысы -РАЙМЖАН АЛИНА;
- Тараз қаласы, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының оқушысы - АЛТЫНХАН АРУЖАН.
ІІІ орын:
- Меркі ауданы, Иван Трубицын атындағы 17 мектептің оқушысы -ДЖУМАХАН АҚҰЛПАН;
- Т.Рысқұлов ауданы, М.Горький атындағы орта мектептің оқушысы -ТАҢАТАР АҚБОТА;
- Жуалы ауданы, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясының оқушысы -АМИНОВ ЕРЖАН;
- Байзақ ауданы, №4 мектеп-лицейінің оқушысы - ВЕЙСАЛОВА ЯСМИНА;
- Тараз қаласы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы - САУРЫҚ АРУЖАН.
Алғыс хат:
Меркі ауданы, Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінің оқушысы - ШОЙБЕК СЫМБАТ;
- Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы – МАМАЙ ҰЛДАЙ;
- Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушысы - ШОНАЕВА КЕНЖЕГҮЛ;
- Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушысы – НАСИРАДИНОВА ҚҰРАЛАЙ;
- Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушысы ПЕРАЛИЕВА САНДУҒАШ;
- Т.Рысқұлов ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы - ӨМІРҚҰЛ ДИАНА;
- Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің оқушысы - СЕЙТЖАПАРОВА ДАНИЯ;
- Жуалы ауданы, №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы - ҚУАНЫШБАЙ ШҰҒЫЛА;
- Жуалы ауданы, №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушысы - САТЫПАЛДЫ АЙЗАДА;
- Мойынқұм ауданы, Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің оқушысы - АЙДАР АЙНҰР;
- Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов тірек мектебінің оқушысы - БЕКҚҰЛЫ БАЛНҰР.