Дулати университетінде Педагогика ғылымдарының докторы, ҚПҒА академигі Клара Бұзаубақованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме» атты Халықаралық педагогикалық оқулары өтті.
Сапалы білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын және педагогтердің шығармашылық әлеуетін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған бұл жиынға қатысушылардың қатары көп.
Халықаралық педагогикалық оқуларға арнайы алыс және жақын шетелдерден танымал ғалымдар мен қонақтар да келді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері, ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары; Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері қатысты.
Жиында бірнеше бағыт бойынша қатысушылар өз жобаларын қорғады.
- Үздіксіз педагогикалық білім беру: өзекті проблемалары және болашағы.
- ХХІ ғасырдағы цифрлы білім беру: заманауи мұғалім тұлғасы.
- Педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: әлемдік тәжірибе, инновациялық әдістеме.
Жоғары деңгейде дайындық көрсеткен педагогтар «Инновациялық педагогикалық өнім-2023» онлайн байқауы мен «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауының жүлдегері марапатталды.