2 жылда университет бітіруге болады

Дулати университетінде колледж студенттеріне берері мол жоба қолға алынды.

Өңірдегі кадр сұранысына сай маман даярлауды көздейтін университет бірнеше бағдарламаларды дамытуда. Соның бірі колледждермен тығыз байланыс орнату. Бір жарым ай бұрын Дулати университетінде бастамасын алған колледж және университет білім беру бағдарламаларын интеграциялауға колледж басшылары қызығушылық танытуда. Оған себеп те бар.

Жобаның басты ерекшелігі колледж тәмәмдаған маман, ЖОО-нын бітіргенін растайтын құжатты екі жылда алады. Егер колледжде университеттегі білім беру бағдарламасына сай дәрістерді өтетін болса, студент өз мамандығы бойынша үшінші және төртінші курстарды ғана жалғастырады.

Өңірдің 12 колледжінен келген жауапты мамандардың басын қосқан бұл жиында ұтымды ұсыныстар айтылды Университет ректоры Мұхтар Байжұманов бұл бастамалардың берері мол екенін атап өтті.

– Сұраныссыз маман даярлау қауіпті. Ал Жамбыл өңіріне химик, биологтар өте қажет. Сондықтан бұл салада маман даярлауды мектеп, колледждерден бастағанымыз жөн. Білім беру мекемелері тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап қана жастарға пайдалы ілім, білім береді. Бұл жобаның басты мақсаты студенттердің уақытын үнемдеу. Жастардың талабын өзіміздің қалыпқа салып, менің дегеніммен жүр демей, қолдау білдіру. Білікті маман даярлауды бірге қолға алып, өңіріміздегі маман тапшылығын бірге шешу,- деді ректор Мұхтар Қазыбекұлы.

Көп жағдайда колледж бен университеттің білім беру бағдарламалары сәйкес келмейді. Дулати университеті ұсынып отырған интеграцияланған білім беру бағдарламасын жасау осы кемшілікті жоюға бағытталған. Интегрецияланған білім беру бағдарламалары университет пен колледж арасындағы білім берудегі алшақтықты азайтуға, білім беру сабақтастығын күшейтуге, колледж бітірушілерінің университетте оқу мерзімін азайтуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2023 03 15 at 18.37.05

 

WhatsApp Image 2023 03 15 at 18.37.40

Прочитано 822 раз
Top