СЕНІҢ СӘТІҢ республикалық студенттік форумы өтті

3-4 наурыз Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздің ЖОО белсенділерінің қатысуымен «СЕНІҢ СӘТІҢ»республикалық студенттік форумы өтті.

Студенттер Kazakhstan Student's Union жаңа бірлестігін құру туралы бастама көтерді. Спикерлердің айтуынша, бұл жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының бірлестігі, ол студенттердің мүдделерін қорғайды.

«Бұл отандық студенттерге Еуропалық студенттер одағына және басқа да Халықаралық ұйымдарға біртіндеп кіре отырып, халықаралық білім беру кеңістігіне енуге көмектеседі. Өйткені, олардың тәжірибесі біз үшін де маңызды», - деді Сәтбаев университетінің студенті Әділхан Төлепберген.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттік бірлестік құру бастамасын қолдап, осылайша халықаралық алаңда қазақстандық жоғары оқу орындарының оң имиджі қалыптасатынына сенім білдірді.

Прочитано 608 раз
Top