Дулати университетінің 187 студенті Coursera сертификатына ие болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан үздік әлемдік оқыту курстардың қолжетімді болуы жастардың ерекше назарын  аударуда. 
 
Онлайн білім беру саласындағы Coursera платформасын кез келген студент,  профессор, докторант немесе магистрант пайданала алады. 
 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Coursera ЖАОК қолдану үшін бүгінде 1500 студент қатысуға ниет білдіріп, өздері үшін 27 курсты таңдады. Оқу процесін ұйымдастыру бойынша ЖОО-ның нормативтік-әдістемелік құжаттарына толықтырулар енгізілді. Студенттік орталықтандырылған тәсіл шеңберінде онлайн оқыту нәтижелерін тану модельдері мен саясаты айқындалды. 
 
Бүгін Дулати университетінде курстың алғашқы 187 қатысушысы өз сертификаттарына ие болды. Шетелдің үздік университеттерінен келген сертификатты «Зерттеулер және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректор Данияр Ысқақұлы табыстады.
 
 – Жақсы және сенімді онлайн оқыту платформасы, әлемдік ғалымдардың оқыту жүйесімен танысып, білім шыңдауға мүмкіндік береді. Сайт түсінікті және қарапайым түрде жасалынған. Пайдаланушы үшін артық ақпараттарсыз жұмыс жасайды. Осындай мүмкіндікті сыйлаған Ғылым және Жоғары білім министрлігіне және университетке үлкен алғыс айтамыз, -дейді Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Санжар Жандарұлы.
 
Мұндай үдемелі тәжірибе ЖОО-ның оқу сапасын жаңа деңгейге шығаратынына сенімдіміз!

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.23.31

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.23.31 1

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.24.26

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.27.18

 
Прочитано 1056 раз
Top