Финалдық жолдама сарапқа салынды

Жайдарман – еліміздегі ең алғашқы жастар арасындағы әзілден құралған көңілді ойын алаңы. Астарлы әзілмен қоғамдық мәселені жеткізу, әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осындай талантты жастар қоғамға үлестерін қосып, жастар саясатындағы қозғалысты дамытуда.

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.17.20

20 жылдан астам тарихымен талай жастарды биік шыңдарда көрсетіп жүрген бұл ойынның орны ерекше. Дулати университетінде жайдарман ойыны арқылы шыңдалып, қазіргі кезде елге танымал болып жүрген азаматтар жетерлік. Аға буынның ізін жалғаушылар бұл сабақтастықты үзген емес. Әзілмен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас командалар арасындағы жартылай финал ойыны бүгін өз мәресіне жетті.

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.17.21

Жалпы сегіз команда қатысты. Әділ-қазылар алқасының шешімімен «Болашақ мамашалар», «Қарасаз», «Престиж», «Әдеби жігіттер» және «Бренд» командалары финалдық ойынға жолдама алды.

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.17.21 1

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.21.53

WhatsApp Image 2023 03 03 at 17.21.54

Прочитано 646 раз
Top