Каратэ-до Шотоканнан Еуропада Қазақстан намысын қорғайды

Каратэ-до Шотоканнан өткен ҚР чемпионатында Дулати университетінің студенттері командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Чемпиондарды ректор Мұхтар Байжұманов арнайы құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

– Жазда өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғаған жастарымыз 4 алтын медаль жеңіп, әнұранымызды асқақтатқан еді. Сол 4 чемпионның екеуі университет түлегі болса, екеуі университет студенттері. Бұл дегеніміз әлемдік додада сынға түсетін жастар 100 пайыз Дулати университетінен шыққан. Біздегі ерекшелік мектеп кезінен бастап, университетте дайындық жүргізуге мүмкіндік қарастырылған. Яғни әулиеаталық жастардың спорт шеберханасына айналып отырған білім ордасы нағыз чемпиондардың базасын қалыптастырады, дейді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген жаттықтырушысы Ерік Махамбетов.

 

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 1

Кешегі өткен Каратэ-до Шотокан ҚР чемпионаты Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Республиканың барлық өңірінен келген қатысушылардың арасынан командалық есеп бойынша студенттер 4 алтын, 1 күміс және жекелей жекпе-жекте 2 алтынды иеленді. Қорытынды есеп бойынша жеңіс тұғырынан көрініп Еуропада ел намысын қорғауға жолдама алды.

Бұған дейін Каратэ-до Шотоканнан бірнеше рет Республика мен Азияны бағындырған чемпиондардың ендігі мақсаты Еуропаны мойындату.

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 7

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 2

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 3

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 4

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 5

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 6

WhatsApp Image 2023 02 27 at 17.24.41 7

Прочитано 697 раз
Top