Сәтбаев университетіндегі сәтті кездесу

Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен "Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs" семинары өтті.

Семинарда ЖОО интернационализациясының бағыттары бойынша өзекті тақырыптар қамтылды.

Сонымен қатар спикерлер ҚР-дағы АҚШ елшілігінің қолдауымен жүргізілетін гранттық жобалармен таныстырды. British Council өкілдері осы ұйымның жетекшілігімен ұйымдастырылатын халықаралық бағдарламалар жайында ақпарат беріп, IELTS халықаралық емтиханын өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар айттылды. ERASMUS+ ұлттық офисінің директоры аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың жолдарын баяндады. Сондай-ақ, QS, THE сынды халықаралық рейтингтерге қатысу, шетелдік ЖОО-лардың филиалдарын ашу, басқа да халықаралық бағдарламаларға қатысу бойынша ЖОО-ның тәжірибелері тыңдалды.

Өзекті мәселердің бірі ретінде ЖОО-лар қос дипломды БББ, бірлескен БББ, ағылшын тіліндегі БББ жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісіп, осы бағыттардағы мәселелер айтылды.
Екі күнге созылған семинар жемісті өтіп, алдағы уақытта ЖОО интернационалдануы бойынша дамытатын негізгі бағыттарды айқындап берді.

WhatsApp Image 2023 02 27 at 10.04.16 1

Халықаралық ынтымақтастық орталығы.

Прочитано 668 раз
Top