Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи мәселелер, перспективалар

Дулати университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы мен Тараз қаласындағы «Ақүрпек»  бөбекжай-бақшасы «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕР, ПЕРСПЕКТИВАЛАР» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
 
Іс-шара мектепке дейінгі ұйым мамандарының ғылыми-зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру мен педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда дуалды білім беру мәселелері бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
 
Конференцияға ЖОО ғалымдары, Жамбыл облысының және Тараз қаласының жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары, облыстық және қалалық білім бөлімінің мамандары қатысты. 
 
Сондай-ақ, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарының жобалар көрмесі ұйымдастырылды және шебер – сыныптар өткізілді. Конференция жұмысының нәтижелері бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи мәселелер, перспективалар» атты баяндамалар жинағы электронды түрде шығарылады. 
 
Қатысушылар мектепке дейінгі ұйым мамандарының біліктілігін жетілдіру, біліктілікті арттыру курстарына қатысу мен кадрлар жетіспеушілігін жою жолдары, гранттық жобаларға қатысу, дуалды білім беру жүйесінің маңыздылығы, балалардың дамытушы ортасын жетілдіруде ұлттық ойындар мен ойыншықтарды қолдану, мектепке дейінгі ұйымдар арасында ғылыми-практикалық семинар, конференциялар өткізіп тұру, тәжірибемен алмасып отыру, сияқты көптеген келелі мәселелер талқылады.
 
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға сертификат берілді және арнайы Алғыс хат пен үздік шебер-сыныптар мен көрме жұмыстарына жүлделі орындар беріліп, дипломдармен марапатталды. 
 
Көрме жұмыстары бойынша: 1-орын «Айнелёк», 2-орын «Алтын сақа» және «Ханшайым-Амира», 3-орын «Ақүрпек» және «Фарм-ай» бөбекжай-бақшалары жеңімпаз атанды
Шебер-сыныптар бойынша: 1-орын «Ақүрпек», 2-орын «Фарм-ай», 3-орын «Ақ Мирас» және «Аю» бөбекжай-бақшалары марапатталды.

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.10

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.10 1

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.10 2

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.10 3

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.10 5

WhatsApp Image 2023 02 23 at 12.54.09

 
Прочитано 673 раз
Top