Ташкентке барып, тәжірибе алмасты

Дулати университеті «Қос дипломды» бағдарламасы шеңберінде Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен бірлесіп, еңбек нарығында үлкен сұраныс туғызып отырған химик-технолог мамандарды даярлау мәселесін шешудің ең маңызды кезеңдеріне қадам басты.

Жуырда ғана Ресей химия-технологиялық университетінде арнайы меморандумға қол қойып, келісім жасасқан университет делегациясы Ташкент қаласына да арнайы барды.

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.33.16

Ташкентте Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылған. Қазір көрші өзбек елі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, химик-технолог мамандар даярлауда.

Дулати университетінің делегациясын Ташкентте филиал басшылығы И. Фарафонтова, Б. Нұрматова және А. Абдрахимова қарсы алды. Кездесуге «УзХимПром» кәсіпорнының өкілі В. Арипов мырза қатысты.

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.34.29

Басқосудан кейін тараздықтар РХТУ филиалының жаңа, заманауи, соңғы техника бойынша жабдықталған оқу корпусымен танысты. Ташкенттік әріптестердің жоғары оқу орнының филиалын ашу әрі өзара іс-қимыл жасаудағы тәжірибесін зерделеді.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының бес филиалын ашуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы жоғары оқу орындарының заманауи үлгілері мен ғылыми экожүйені ұлттық білім және ғылым жүйесіне енгізу мақсатында Дулати университеті, Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Қазфосфат» ЖШС арасында білім және ғылым саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасасты.

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.32.10

Жасалған келісімдер бойынша алдымен қыркүйек айында «Қос дипломды» бағдарлама шеңберінде мамандар даярлау жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ алдағы уақытта Дулати университетінің базасында Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу да жоспарда бар.

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.33.53

Прочитано 628 раз
Top