Президент кеңесшісі жастармен жүздесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде студенттер және өңір жастарымен кездесті. Жастармен еркін форматта пікіралмасқан кездесуге облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысты.

Жиынның модераторы – Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов бүгінде елімізде жастардың білім алуы мен кәсіби біліктілігінің артуы, шешім қабылдау процесіне атсалысуына, физикалық тұрғыдан дамуына үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті. Бұл қолдауларды Тараз өңірлік университетінің студенттері де айқын сезініп отырғанын айтты.

Кездесуде Мәлік Нұржанұлы қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында ойларын ортаға салды.Заман талабына сай жастарға білімдерін шыңдауға, ақпараттық сауаттылықты арттыруға кеңес берді. Басты мәселе –  білімді ұлт қалыптастыру екенін сөз етті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы өңірдегі жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Облыста қай санаттағы жас буынға қандай қолдаулар көрсетіліп жатқанына тоқталды.

Жастармен ашық диалог құрған кездесуде студенттер Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевқа сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Ұсыныс-тілектерін айтқан белсенді жастар арасында Дулати университетінің халықаралық спорт жарыстарында, білім мен ғылым бәсекелерінде топ жарған, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдік озық жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп келген, оқу орнының Ғылыми кеңесінің мүшелері де бар.

Айта кету керек, Дулати университетінде жастардың өзін-өзі басқару ісінде белсенділігін арттыру үшін Студенттік парламент құрылған. Сондай-ақ 7 студенттік деканат, 7 жастар ұйымы, 4 жастар қозғалысы, қызығушылықтарына қарай әртүрлі клубтар, 4 жатақхана студенттік кеңесі жұмыс жүргізіп келеді.

2

3

4

5

6

7

9

10

11

Прочитано 696 раз
Top