Оқушылар жайдарманы Дулати университетінде

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Тараз қалалық Оқушылар сарайы КММ-нің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында жайдарман ойындары өтті.

Маусамашарда өнер көрсеткен 19 команда өздерінің жүзден жүйрік екенін дәлелдеді. Қызығушылықтары бір жерде тоғысқан жастардың басты мақсаты өз қатарларына, аудиторияға әзілдің көмегімен ой тастау.

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 3

Жайдарман да заман талабына сай бейімделіп, жаңа үрдіс алғанын айтады республикалық жайдарман ойындарының жеңімпазы, «Медиум» командасының капитаны, Дулати университетінің түлегі Еламан Юсуб.

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 1

– Жас командалар көбейіп келеді. Бұл әрине қуантады. Сахнаға енді шығып келе жатқан жастарға қолдау көрсетіп, жігер беруіміз керек. Сондықтан қазылар алқасының шешімімен барлық топ келесі кезеңге өтеді. «Сын айтылмай, мін түзелмейді» деген бар. Ескертулер айтылады. Бүгінгі жайдарманшылардың әзілдері салмақты, саяси бағытта болды. Ерекше ұнаған – «КТЛ» құрамасы, «Кировамен бірге», «Cotton Candy» командалары болды. Біздегі басты мақсат, облысымызда бәсеңдеп қалған жайдарман қозғалысын қайта қолға алу. Осы ретте Жамбыл облысында «Әулие-Ата» ашық лигасын бастап жатырмыз. Әр өңірден келген жайдарманшылардың басын қосатын бұл жиынның тұсаукесерін Шу қаласында өткізу жоспарлануда. 20 ақпанға дейін тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, бұл ашық лигаға Алматы және Шымкент қалаларынан да командалар қатыса алады. Жайдарман – көрерменге керемет көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы мәселелерді әзілмен жеткізеді. Бұнымен ахуал оңалып кетпесі анық. Дегенмен, жайдарманшылар кей олқылықтарға бей-жай қарамай қағытпа қалжың арқылы жеткізуге талпынады.

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 5

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 6

Бүгінде «Жайдарман» қозғалысы елдегі мыңдаған жастың басын қосқан үлкен ұйымға айналған. Көңілді тапқырлар түрлі тақырыптарды қойылымдарына арқау етеді. Жайдарманға құмартқан жастардың қатары Жамбыл өңірінде де көбейіп келеді.

Маусымашар қорытындысы бойынша «Жайдарлы Жас Ұлан» маусымашар кубогын №61 орта мектептің «Кироваға жақын» командасы жеңіп алды.

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 2

WhatsApp Image 2023 02 10 at 18.23.59 7

Прочитано 758 раз
Top