Халықаралық студент алмасу бағдарламаларына өтініштер қабылдау мерзімінің ашылғандығын хабарлаймыз!

Құрметті 1 -  2 курс студенттері және 1 курс магистранттары!

Халықаралық студент алмасу бағдарламаларына  (академиялық ұтқырлық, Erasmus+, ШЫҰУ, Mevlana) өтініштер қабылдау мерзімінің ашылғандығын хабарлаймыз!

Өтінішдерді қабылдау 2023 жылғы ақпан айының 13-28 аралығында  жүргізіледі.

Құжаттарды өткізу орны: Сүлейменов  көшесі, 7,  301 кабинет.

Жоғарыда аталған бағдарламаларға қатыса алады.:

* 2023-2024 оқу жылында  2-3 курс болатын студенттері және 2 курс магистранттар;

* ағылшын, орыс, қытай, кәріс, түрік  тілдерін меңгерген;

* құжаттарды тапсыру сәтінде академиялық және қаржылық қарыздары жоқ;

* оқу үлгерімі (GPA)  3,0-ден төмен емес;

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (ХЫО-да толтырылады);
  2. 3х4 сурет 2 дана;
  3. Загран паспорт және жеке куәлік көшірмесі;
  4. Транскрипт үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын);
  5. Шет тілін меңгергені туралы келесі сертификаттардың бірі немесе бірнешесі (IELTS, TOEFL, TOPIC, HSK, TDS);
  6. Деканның атына ұсыныс хат;
  7. Куратордың атынан мінездеме;
  8. Грамоталар, дипломдар және сертификаттар (көшірмелері)
  9. Қатысты болған жағдайда: мүгедектік туралы анықтама, көп балалы отбасының мүшелігін растайтын анықтама, ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттар.
Прочитано 1041 раз
Top