Дулати университеті мен Білім басқармасы жобаға қол қойды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов пен облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қос тарап педагог кадрларды даярлау, студенттерді тәжірибе алаңымен қамту мәселелерін талқылады. Мұхтар Қазбекұлы еңбек нарығында мұғалімдерге деген сұраныстың қанша екеніне нақты болжам жасау маңызды екенін атап өтті. Қандай мамандар тапшы екенін, алдағы 5 жылда болжам қалай өзгеретінін анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

WhatsApp Image 2023 02 07 at 12.35.14

Кездесуде «Ұстаз» институтының оқытушылары мектеп мұғалімдеріне арнап жасалған ақпараттық жүйемен таныстырды. Бұл бағдарламаның артықшылығы – мектептердегі маман санын нақтылайды, штат бойынша мәлімет, педагог кадрлардың біліктілік санаттары бойынша деректер енгізіледі. Бітіруші түлек арнайы логин мен құпия сөзді енгізу арқылы барлық мекемелердегі маман сұранысының қажеттілігін біледі.

– Студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, білім алушылардың тағылымдамадан өтуі мен түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында жасалынған бұл жүйе – әсіресе, жас мамандар мен сала мамандары үшін қажет. Алдағы уақытта облыс және республиканы қамту жоспарда бар. Біз университетті бітірген студенттердің нық қадамға тұрғанға дейінгі процесіне жауаптымыз. Сондықтан мектептермен бірігіп жақсы маман дайындауға атсалыссақ дейміз. Мақсатымыз – студенттің сұранысқа ие маман болып қалыптасуын қамтамасыз ету, - дейді ректор Мұхтар Қазбекұлы.

WhatsApp Image 2023 02 07 at 12.35.14 1

Қазіргі таңда бұл автоматтандырылған жүйеге Қордай ауданының мектептері 100 пайыз енгізілген. Жоба жетекшілері облыс бойынша қыркүйек айына дейін тіркеу, енгізу жұмыстары аяқталады жоспарланғанын атап өтті.

Дулати университетінің «Ұстаз» институты – облыс мектептерін педагог кадрлар даярлап, еңбек нарығындағы сұранысты өтеп отырған мұғалімдердің ұстаханасы. Институт түлектері тек өңірімізде ғана емес, республика көлемінде табысты қызмет етіп жүр.

WhatsApp Image 2023 02 07 at 12.35.14 3

Прочитано 814 раз
Top