ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7 «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қатысушының жоғары (қаржы-экономикалық) білімі, аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес алынған «Аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің және/немесе CIA Ішкі аудиторы сертификатының және/немесе АССА және/немесе СРА алқаби бухгалтері сертификатының және/немесе DIPiFR дипломы болуы міндетті. Қазақ және ағылшын тілдерін меңгергені жөн.

Конкурсқа қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағықызмет тізімі;
4) салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;
5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Тараз қ., Ы.Сүлейменов көш., 7 (каб. 1.1.108), тел.: 8 777 507 87 00.

Өтініш пен қызмет тізімі (жүктеу үшін)

Прочитано 948 раз
Top