Волейболшы қыздар бәсекенің көрігін қыздырды

Өткен аптада басталған дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы биыл М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру  институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Профессорлар, оқытушылар мен  қызметкерлер арасындағы спорттық жарыстарда бәсеке қыза түсті.

Әсіресе, әйелдер арасында өткізілген волейбол жарысы өте қызықты әрі тартысқа толы өтті. Волейболшылар бәсекесіне 8 қыздар тобы қатысып, бар күш-жігерлерін аямай салды. Далада ақ қар, көк мұз аяқ үсірік аяз болса да біздің білім ордамыздың  спортзалында өткен бәсі жоғары ойындар өте қызу тартысқа толы болды.

Университет аруларының спорттық дайындығы жоғары. Әр ойын үшін беріспеген қайсарлықтары әр партияны қыздыра түсті.Ал өз факультеттерінің намысын қорғаған ойыншыларға рух беріп, қолдау көрсеткен жанкүйерлердің дайындығы да өз деңгейінде екенін айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда,жарыста намыс, абырой, бәсеке мен шеберлік бәсекеге түсті.

Әр топтың мықты ойыншылары көрермен көзайымына айналды. Соған қарай төрешілердің шешімімен «Әкімшілік» командасынан Гүлнар Қалдыбаева, «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультетінің тобынан Гүльмира Ахатова спартакиаданың «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алды.

Екі күнге созылған қызу тартысқа толы дүбірлі волейбол жарысы соңғы минутына дейін бәсекеге толы, тіпті текетірескен тартысты жағдайда өтті. Жартылай финалдық және ақтық кездесу ел облыстық біріншіліктің шешуші партиялық ойындарынан кем түскен жоқ.

Сонымен финалға «Әкімшілік»  командасы мен  «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультеті шығып,2:0 есебімен «Әкімшілік» жеңіске жетті.

Сонымен спартакиданың бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша  алғашқы орында «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» алға шығып 175 ұпаймен оқ бойы озып тұр, келесі сатыдаүздіктерді өкшелеп келе жатқан  «Әкімшілік» командасының қоржынында - 168 ұпай.  Ал үшінші орында –  «Экономика және құқық» факультеті. Спартакида әлі жалғасуда.

2

3

4

5

Жансая Қалиева,

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Прочитано 671 раз
Top