Дулати университетінің студенті әлемдік универсиадаға қатысады

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – бірнеше спорт түрінен ұлттық құрамаға тұрақты түрде спортшыларды баптап қосып отырған оқу орны ретінде белгілі. Алайда қысқы спорттан универсиадаға қатысушының шығуы – қателеспесек, алғашқы рет болуы мүмкін.

Сонымен шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Дулати университетінің «Өнер және спорт» факультетінің 3-курс студенті Малика Ермек 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтетін ХХХІ Дүниежүзілік Қысқы универсиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Біздің Малика шорт-тректен 1500, 500, 1000 және 3000 метрлік эстафета және 2000 метрлік микс эстафетасында өнер көрсетеді.

Айта кету керек, Дүниежүзілік универсиадаға әлемнің 50 елінен мың жарымға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасы сапында еліміздің жоғары оқу орындарынан 80 спортшы-студент  АҚШ-қа аттанды.

Студентімізге сәттілік тілейміз!

21

3

4

5

6

Прочитано 662 раз
Top