Спорттық жарыстардың ішінде ең тартысты өтетіні – командалық ойындар екені белгілі. «Алыптар ойыны» аталып кеткен баскетбол – бәсі жоғары бәсекелердің бірі.
Дулати университетінің факультетаралық дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасының екінші күнінде баскетбол жарысы мәресіне жетті.
Тартысты өткен финалдық кездесулер үздіктерді анықтады. Екі күнге созылған «алыптар ойынында» «Өнер және спорт» факультетінің командасы 1-орынды жеңіп алды.
Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының ойыншылары шешуші ойында «Өнер және спорт» командасына есе жіберіп, 2-орынды еншіледі.
Үздік үштікті «Әкімшілік» командасы түйіндеді. Финалға шыққан командалардың осалы жоқ. Шешуші ойындар нағыз бәсекеге толы болды.
Төрешілердің шешімімен үздік ойыншылар ретінде Әлихан Нұртазаұлы, Нұрдәулет Қожамұратов, Жақсылық Омаров танылды.