«Спартакиада – 2023» start алды

Дулати университетінде оқытушылар мен қызметкерлердің арасындағы факультетаралық дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы басталды.
 
Жастарға салауатты өмір салтын насихаттауда үлгі көрсетуді жөн санайтын университет ұжымы биыл да 15 спорт түрі бойынша жарысқа түсуде. Жалпы 9 команда бақ сынап жатқан жарыс екі аптаға созылады.
 
Бүгін start алған спартакиадада командалар шекемтас, баскетбол, асық атудан жарысқа түсті.
 
Шекемтастан – «Әкімшілік» командасы жеңіске жетсе, асық атудан "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының тобы үздік шықты.
 
Ертең баскетболдан финалдық ойындар өтеді.

WhatsApp Image 2023 01 05 at 18.18.29

WhatsApp Image 2023 01 05 at 18.18.58

WhatsApp Image 2023 01 05 at 18.29.52

 

 
Прочитано 691 раз
Top