Университет ректорының Жаңа жылдық құттықтауы

WhatsApp Image 2022 12 30 at 16.28.37

Құрметті, Дулати университетінің қызметкерлері!
Қадірлі профессор-оқытушылар құрамы, студент жастар!

Сіздерді келе жатқан 2023 жыл Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен 2022 жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Сын мен қауіп-қатерді қатар бастан өткердік. Алайда сындарлы сәттердегі қиындықтарды елмен бірге еңсердік.
Елде көптеген өзгерістер орын алды. Соның ішінде білім беру жүйесінде елеулі жаңалықтар болды. Жаңадан жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Кадр даярлаудағы жоғары білім беру сатысына баса көңіл бөліне бастады. Бұл білім саласындағы үлкен бетбұрыс.

Алдағы 2023 жылдан да күтеріміз көп. Жаңа жыл біздің оқу орны үшін жаңа табыстар мен жетістіктердің жылы болады деп сенім артамыз. Жаңа мүмкіндіктер сыйлайды деп үміттенеміз!

Жаңа жылда баршаңыздың үміт етіп күткен армандарыңыз орындалып, табысқа жетіңіздер!
Жаңа жыл баршамызға жақсылығымен келсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Дулати университетінің ректоры
Мұхтар Байжұманов

Прочитано 653 раз
Top