Жыл қорытындыланып, үздіктер марапатталды

Дулати университеті үшін 2022 жыл табысты болды десек қателеспейміз. Ғылым білім салаларында еліміздегі оқу орындарының көшін бастып IQAA рейтингі бойынша 6 орынға жайғасты. Бұл білім ордасының сапалы жұмысының көрсеткіші.

Жас ұрпаққа сапалы білім беру – оқытушының, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Жастардың жан-жақты болуы үшін еліміздегі білім беру мекемелері сұранысқа сай болуы қажет. Білікті мамандармен қамтылған Дулати университетінің профессор-оқытушылар арнайы Құрмет Грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Университет ректоры Мұхтар Байжұманов марапат иелерін құттықтап, алдағы 2023 жылға толағай табыстар тіледі.

– Жаңа жылдық көңіл күйді көтере түскен бұл алғыстар мен марапаттаулар баршамыз үшін үлкен қуаныш. Атқарылған еңбекті көре білу, айту баршамызға жігер сыйлайды. Бүгінгі жиында осы елен еңбекпен көзге түсіп марапат иесі атанған әріптестерді шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл отбасыларыңызға береке, бірлігімен келсін, деп ізгі тілеген білдірді Мұхтар Қазбекұлы.

Марапат жауған күн университет ғылыми кеңесінің кезекті отырысымен жалғасты.

WhatsApp Image 2022 12 28 at 16.25.23

WhatsApp Image 2022 12 28 at 16.25.50

WhatsApp Image 2022 12 28 at 16.25.58

Прочитано 732 раз
Top