"Сыбайлас жемқорлық - қоғам мәселесі"

Дулати университеті "Мемлекеттік және әкімшілік құқық" кафедрасы "Жеті жарғы" студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастырумен Жамбыл облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасында "Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша филиалы Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы - Айбек Ажибаев; университеттің оқытушылары мен студенттері; Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің, Абай ат. Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің, Тараз политехникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері; Тараз қ. #1, 8, 24 гимназияларының және #27, 29, 50, 59 мектептерінің, сондай-ақ Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 М. Ломоносов ат. о/м және Н. Данаев ат. о/м мұғалімдері мен 9-10 сынып білім алушылары қатысты.
Жиырмадан аса баяндама тындалды және де, қызу пікір-талас болды.
 
Іс-шараның аяғында үздік жасалған баяндамаларға дипломдар берілді:
1-орын: Малик Дильназ,
2-орын: Ташметова Ситора мен
Асқарқызы Жасмин,
3-орын: Момыналы Аяулым,
Абдрахман Нұрай мен
Кемелбек Даниал.
 
Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен университеттің атынан кішігірім сыйлықтар табыс етілді.
2
3
4
5
Прочитано 827 раз
Top