«Қалдықтардан құралған әлем» атты қалалық эко-байқау

М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдығына орай «Экология» кафедрасы және Қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп эко-байқау ұйымдастырды.

Қазіргі таңдағы экологиялық мәселелер әлемдік деңгейдегі өзекті тақырып. Осы негізде «Экология» кафедрасы дайындап шығаратын мамандардың қазіргі таңда сұранысқа ие екендігін жеткізу мақсатында түрлі жиындар өткізілуде.

Байқаудың жалпы ережесі бойынша Тараз қаласының 13-29 жас аралығындағы жастары (ЖОО-ның және ОАОО-ның студенттері, мектеп оқушылары) өз жұмыстарын ұсына алды. Жұмыс жеке және топтық жүйеде әзірленді.

Байқауға қатысушылардың саны 35 адам, соның ішінде 21 студенттер жеке жұмыстарын және 4-топтық жұмыс қорғалды, ал қалған 9-зы мектеп оқушылары жеке жұмыстарымен және 1-топтық жұмыстары қорғалды.

Осы бастама негізінде табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және қалдық заттарды дұрыс пайдалану мен өңдеу мүмкіншілігін арттыру, жастарды экологиялық проблемаларды шешуге жұмылдыру, экологиялық сауаттылығын дағдыландыру және экологиялық мәдениетін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру мақсатында іс-шара жыл сайын жүргізілуде.

Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған қатысушылар Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының басшылығы дайындаған арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. 

WhatsApp Image 2022 12 01 at 11.42.29

Прочитано 692 раз
Top