Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз!

Құрметті, әріптестер! Профессор-оқытушылар, студенттер!

Сіздерді, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күннің ел тарихында алған орны ерекше.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қабылданып, егемен ел атандық.

16 желтоқсан – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалып, егемен еліміздің еркін дамуына жол ашылған күн. Елдіктің, ерліктің үні естілген күн.

Сондықтан бұл күннің қазақ елі үшін қашан да қадірі биік!

Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес құндылығы. Бұл барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн.

Қазақ халқы еркін ел болудың, азат болудың қаншалықты қастерлі екенін біледі.

Құрметті, жерлестер!

Қадірлі, әріптестер, жастар!

Баршаңызды, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!

Құрметпен,

Мұхтар Байжұманов.

М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университетінің

Басқарма төрағасы – ректоры.

 

 

Прочитано 593 раз
Top