Ерболаттың еншісінде 4 алтын медаль

Мексиканың Гваладахара қаласында өткен парапауэрлифтингтен әлем чемпионатынан Қазақстан параспортшылары олжалы оралды. Ұлттық құраманың сапында ел намысын қорғаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Ерболат Кәрібаев жүлде қоржынына 4 алтын медаль салды.

Дулати университетінің мақтанышы, параспортшы Ерболат Кәрібаев халықаралық бәсекеде 49 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын.

Жамбылдық параспортшы жастар арасында жарыста екі рет жеңіс тұғырына көтерілсе, ерлер арасында тағы екі алтын медальді еншіледі.

Ерболат спортта ғана емес, оқуда да озат екенін дәлелдеп келе жатқан студент. Табандылығының арқасында талмай жаттығып, жетістіктерге жетуде.

Айта кету керек, Ерболат 2021 жылы Ливерпуль қаласында өткен соңғы әлем чемпионатында да чемпион атанып қайтқан болатын.

2

Прочитано 567 раз
Top