Дулати университетінің студенті теледебатта жүлдегер атанды

Түркістан қаласында өткен, Журналистер Одағы және Алатау медиаорталығы, Түркістан телеарнасы бірлесіп, студенттер арасында ашық-аймақтық теледебат ұйымдастырды.

Жарысқа оңтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарының дебатшылары қатысты. Ашық-аймақтық турнирде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті Дархан Өмірбеков 2-орынды олжалады.

Пікірсайыстың талабы бойынша қатысушы екі адамдық топ болып шығуы тиіс. Дархан тобына өзі даярлап жүрген мектептердің біріндегі 10 сыныптың оқушысын таңдаған болатын. Екеуі де үздік өнер көрсетіп, телебағдарламаның жұлдызы атанып, 100 мың теңге сыйақы иеленді.

Айта кету керек, бұл турнирге Қожа Ахмет Яссауи университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Әуезов университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық инновациялық гуманитарлық университетінің студенттері де қатысты.

2

3

Прочитано 586 раз
Top