Келелі кездесу өтті

«Ұстаз» институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының жанынан құрылған «Жасын» әдеби - шығармашылық үйірмесінің ұйымдастыруымен «Ән сырынан – Анажарға дейін» атты Елен Әлімжанмен кездесу кеші өтті. 
 
Драматург, публицист Елен Әлімжанның шығармашылығын жастарға үлгі ету және ұлттық, рухани – адамгершілік тәрбиені мақсат еткен шараға әдебиет майданындағы әріптестері мен ардақты ардагерлер қатысты.
 
Әдебиет тарихында өзіндік қолтаңбасы бар тұлғаның поэзиялық, прозалық шығармаларынан студенттер үзінділер оқыды. Сондай – ақ, Елен Әлімжанның сөзіне жазылған әндері шырқалып, ақын студенттердің арнау өлеңдері оқылды. 
 
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 – курс студенттері автордың төл шығармаларынан көріністер қойды. Кеш ортасында Елен Әлімжанның сиясы кеппеген, баспадан бүгін шыққан кітабы қонақтар мен кеш ұйымдастырушыларына сыйға тартылды. Студенттер автордың «Анажар» романына қатысты сұрақтарын қойып, еркін сұхбат жүргізіп, батасын алды.

WhatsApp Image 2022 12 12 at 17.22.26

WhatsApp Image 2022 12 12 at 17.22.27

WhatsApp Image 2022 12 12 at 17.22.32

 
Прочитано 589 раз
Top