Кураторлық сабақтар

9-желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай академиялық адалдық құндылықтарын және сыбайас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  барлық академиялық топтарында кураторлық сабақтар  өтеді. Кураторлық сабақтар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы студенттерге түсіндіріледі және  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы талқыланады.

 
Loading...

Прочитано 1017 раз
Top