«Мен болашақ ұстазбын» фестивалі өтті

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.

Елімізде демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты, алдағы 5 жылдықта республикамызда қосымша 1000 мектеп салыну жоспарланып, бірқатар істер атқарылуда, осы мыңдаған мектептерді мұғалімдермен қамту мәселесі кезек күттірмес ауқымды шаралардың бірі. Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және республика көлемінде түрлі маман иелерімен қатар, педагогикалық мамандық иелерін даярлауда өзіндік үлесін қосуда. Осыған орай «Ұстаз» институтында «Мен болашақ ұстазбын» педагогикалық мамандықтар фестивалі елімізде алғаш рет өтілді.

Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру мақсатында ұйымдастырылған фестивалге қатысушылар көп болды.

Фестиваль барысында педагогикалық білім беру бағдарламалары өз мамандықтарын сахнада түрлі форматта таныстырып, өз біліктіліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Болашақта педагогикалық мамандықты таңдап отырған оқушыларға «Педагогикалық сыныптар» құрылды. Алдағы уақыттарда осы оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмыстары жан-жақты жүргізілетін болады.

WhatsApp Image 2022 12 08 at 13.03.48

WhatsApp Image 2022 12 08 at 13.03.49

Прочитано 766 раз
Top