«Ұлт тілін ұлықтаған» М.Шахановқа арналған дөңгелек үстел

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының бастамасымен М.Шахановтың 80 жасқа толуына орай факультет деңгейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов – қазақтың біртуар көрнекті ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы - еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен тұлға. «Ұлт тілін ұлықтаған» атты дөңгелек үстелде студенттер ақын туралы презентация қорғап, «Мені неге Мұхтар қойған», «Бақыт геометриясы», «Достық өлкесінің заңы» және «Желтоқсан алаңы» өлеңдерін оқыды. «Отырар» дастанына режиссер Батырхан Дәуренбековтың түсірген мультфильміне шолу жасап, өз ой-пікірлерін білдірді.

а2

Оқытушы,
Байдильдаева А.К.

 

Прочитано 666 раз
Top