Қыз баланы тәрбиелеу – тұтас ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзі бар. Ал бесікті тербетер, дүниеге ұрпақ әкелетін қыз тәрбиесіне тек отбасы емес, бүкіл қоғам атсалысуы қажет.
Қазіргі таңда қыз болашағы, тәрбиесі өте өзекті болып тұр. Қырық үйден тыйым алатын қазақ аруларының ұлттық болмысы жаһандану заманында өзгеріп кетпесе екен дейміз. Ол үшін оқу орындарында мағыналы кездесулермен, сырласулар жиі болып тұруы тиіс. Дулати университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті дөңгелек үстел өтті.
Жиынға қатысушылар келген қонақтарды үнсіз тыңдап, тың дүниелерге, ақпараттарға қанық болды. «Аналар алқасы» төрайымы, п.ғ.д, профессор Сарыбекова Ж.Т және «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары әдемі әңгіме өрбетті.