АҚШ-та білім алу бағдарламасы

https://kz.usembassy.gov/kk/global-ugrad-kk/

Global UGRAD — АҚШ колледжінде немесе университетінде академиялық дәрежесіз бір семестр ішінде оқу үшін көшбасшылық қабілеттері бар студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама. Global UGRAD – Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет істері бюросының бағдарламасы және Америка Құрама Штаттарында оқуға басқа мүмкіндіктері болмаған қатысушыларды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар АҚШ қоғамымен, мәдениетімен және академиялық институттарымен терең танысып, кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндіктеріне ие болады.

Барлық қатысушылар қабылдаушы университеттерінде ұсынылатын бакалавриат бағдардамаларының курстарына бір семестрге жазылады. Қатысушылар Америка Құрама Штаттары туралы түсінігін арттыру үшін бір, финалистер кемінде үш кредитқа толатын Американистика бағыты бойынша бір курсты таңдау керек. Қатысушылар американдық құрдастарымен бірге кампус тұрғын үй нысандарында тұрады және 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа қатысуы керек. Сондай-ақ, АҚШ-қа келуіне орай бағыт-бағдар беретін виртуалды сессия мен бағдарламаның аяқталуын атап өтетін арнайы семинарға қатысады.

Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқитын студенттер америкалық университеттерді таңдамайды. Студенттердің академиялық бағыты пен жалпы көрсеткіштерін ескере, Global UGRAD бағдарламасы тиісті университеттерге орналастырады. АҚШ-тың 43 штаттарындағы аудандық және қалалық жерлерінде орналасқан 70-тен астам колледждер мен университеттер қабылдаушы университеттер тізімін құрайды. UGRAD алмасу бағдарламасы аясында академиялық дәреже берілмейді.

Бағдарламаны тәмамдаған қатысушылар, АҚШ Мемлекеттік департаментінен бағдарламаны сәтті аяқтағаны туралы сертификат алады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тағы қабылдаушы және қазақстандық университтері арасындағы кредиттік аударымдарға жеке жауапкершілік алады. UGRAD бағдарламасы аясында жинақталған кредиттердің қабылдану мүмкіндігі туралы студенттердің өздері тексеруі тиіс. Үміткерлер бағдарламаға қатысқан жағдайда, қазақстандық университеттерін кейін бітіруіне дайын болуы керек. Бағдарлама АҚШ университеттерінде таңдалған пәндерге тіркелуге кепілдік бере алмайды.

Талаптар: 

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар;
  2. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
  3. Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер. 
  4. Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өздерінің көшбасшылық мүмкіндіктері мен білім жетістіктерімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек; 
  5. Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 55 балл алу керек. 48-60 ұпай жинаған студенттер бағдарламаның алмасу бөліміне дейін виртуалды ағылшын тілін оқытуға қабылданады. Таңдалған студенттер Америка Құрама Штаттарындағы бағдарламаның алмасу бөлігіне қатысу құқығына ие болу үшін ең кем дегенде 61 балл жинауы керек. Өтініш беру сәтінде TOEFL тестілеуі талап етілмейді. Сұхбаттан сәтті өткен үміткерлер TOEFL iBT тестін тегін тапсыруға шақырылады. 
  6. АҚШ-та оның алдында оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі; 
  7. STEM пәндері, информатика, IT, қоршаған ортаны зерттеу, жаңартылатын энергия көздері және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ өңірлік жоғары оқу орындарында оқитындарға артықшылық беріледі.
  8. Үміткерлер АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін, Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді; 
  9. Бағдарламаның басталу кезеңіне қарай қатысушы 18 жасқа толу керек. (Егер қазір жасыңыз 17 болса, құжаттарыңызды бағдарламаға қазір тапсыра аласыз);
  10. Студенттердің оқу үлгерім көрсеткіші 4.0-дан (GPA) кемінде 3.0 және одан жоғары болу керек.

Байқауды өткізу кезеңдері мен мерзімдері

2023-2024 бағдарламаға құжаттар онлайн түрде 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.  Жеңімпаздар 2023 жылдың күзгі семестрі (2023 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін) немесе 2024 жылдың көктемгі семестрі (2024 жылдың қаңтар мамырына дейін) АҚШ университеттеріне оқуға барады.

Құжаттарды онлайн түрде тапсырудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін. 

Тіркелу сілтемесі

Прочитано 999 раз
Top