Болашақ ұстаздар режиссермен кездесті

Дулати университетінде «Ұстаз» институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы «Жамбыл-Тараз» телеарнасының бас режиссері Дана Смайловамен кездесу ұйымдастырды.

Ақпарат саласының қыр-сырымен танысу мақсатында өткен іс-шарада студенттер Jambyl телеарнасының білікті маманы Дана Смайыловамен емен-жарқын әңгімелесті.

Студенттерге БАҚ-тың қазіргі бағыты туралы айтылды. Ертеңі мен бүгіні сөз болды. Режиссер жастарға экранға жол тартатын ақпараттық өнімдердің қалай дайындалатынын әңгімелеп берді.

Кездесуде студенттер сұрақтар қойып, идея, ұсыныстарымен бөлісті. Әннен шашу шашып, қонақпен «Таңғажайып алаң» ойынын ұйымдастырды.

Сондай-ақ телеарна туралы тарихи хронологиялық фильмнен үзінді көрсетілді. Бұл кездесу жастарға ой салғаны анық.

Ұстаз – оқу-тәрбие процесінің режиссері. Режиссермен әңгімелесу арқылы болашақ ұстаздар қай салада да абыройлы болу үшін адал еңбек ету керек екенін көкейге түйді. Тәжірибе мен біліктілік уақытпен, ізденіспен бірге келетінін түсінді.

2

3

4

5

Прочитано 652 раз
Top