Браганса институтының профессоры бір ай дәріс оқиды

Шетелдік ғалымдарды шақыру білім беру процесіне еуропалық көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы студенттердің құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қадам университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да ықпал етіп, қоғамда тартымды имиджін қалыптастыратыны сөзсіз. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың ағылшын тілінде академиялық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Шетелдегі белді оқу орындарымен әріптестік байланысты нығайтудың осындай артықшылықтарын ескерген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің «Халықаралық ынтымақтастық орталығы» серіктес университеттермен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады. Шетелдік профессорлады академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында білім беру процесіне тарту жолға қойылған.

Бүгін Дулати университетіне Браганса политехникалық институтының профессоры Хелдер Тейшейра Гомеш «Технологиялық факультетке» бір айға шақыртылды. Бұл университеттің ғалымдары мен студенттері үшін тәжірибе алмасып, білімін шыңдау үшін зор мүмкіндік туығызып отыр.

Профессор Хелдер Тейшейра Гомеш «Химия» пәні бойынша студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Прочитано 892 раз
Top