Гидро – 60. ДУЛАТИ КУБОГЫ

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Гидро – 60. ДУЛАТИ КУБОГЫ» сарапқа салынатын кіші футболдан облыстық жарыс басталды.

Жарыс М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының 60 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

DULATY КУБОГЫН 10 ауданнан өтінім берген және Тараз қаласынан арнайы шақырылған командалар сарапқа салады.

Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – ауыл мен қала спортшылары арасындағы байланысты нығайту, кіл мықтыдан құрылған команданы анықтау.

Жарыстың жүлде қоры:

1 - орын: 500.000 теңге
2 - орын: 200.000 теңге
3 - орын: 100.000 теңге

2

3

4

5 2

6 2

7

8

9

10

Прочитано 651 раз
Top