Студенттер күніне орай акустикалық кеш өтті

Филология және журналистика кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен, студенттер күніне орай “Тәуелсіздік: тілім, дінім, кең далам” атты акустикалық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты-студенттердің бойындағы патриоттық сезімді ояту, шығармашылығын шыңдау.

Студенттер өз шығармашылығын ортаға салып, патриоттық өлеңдер оқыды. Домбыраның күмбірлеген үнімен жарасқан суырыпсалма ақындардың арнауы, заманауи, көңілді әндер кештің көркін қыздыра түсті.

Кеш барысында арнайы дайындалған тәуелсіздігі жолында бірқатар маңызды сұрақтар қойылды. Жастар өздерінің өнерімен қоса білімді екенін көрсете білді.

Қатысушылар патриоттық сарында жалғасқан кешті қазақ елі үшін екінші әнұранға айналып кеткен Ескендір Хасанғалиевтың орындауындағы "Атамекен" әнімен аяқтап, естелік суреттеріне де түсіп үлгерді. Қатысушыларға кофе мен дәмді тіскебасар таратылды.

Еркін форматта ұйымдастырылған “атмосфералы ” кеште көңіл-күйге деген еркіндік, шабытқа деген шексіздік байқалды.

WhatsApp Image 2022 11 14 at 21.21.09

Прочитано 681 раз
Top