Қазақ күресінен чемпион атанды

Қазақ спортқа, оның ішінде жекпе-жек түрлеріне икемді халық. Әсіресе күрес десе ішкен асымызды жерге қоятынымыз жасырын емес. Дулати университетінде балуандық өнерді серік еткен жастар көп. Дүбірлі додаларда, топ жарып бұқаралық спорттағы көрсеткіштері көз қуантарлықтай.

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Жалғас Әбіләшімұлы республикалық деңгейде өткізілген қазақ күресінен чемпион атанды.

Бұған дейін Жалғас Әбіләшімұлы облыстық және қалалық деңгейлердегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Айта кететін болсақ, 70 келі салмақта Жамбыл облыстық «Жас барыс» турнирінде жүлделі І орынды еншіледі. Бөрібек Тоғызақбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнирде жүлделі І орын, «Балалар жылына» арналған қазақ күресінен 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында Есіркеп батыр атындағы XXII-ші республикалық турнирде І орынды қанжығасына байлаған. Спорт саңлақтары қатарында жүрген студентімізге әрдайым ел үмітін ақтап, әр жарыста сәттілік серігі болып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Жеңісті, жемісті күндерің көп болғай.

Нұралы Жазира Утепәліқызы,

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының магистр, аға оқытушысы.

Прочитано 707 раз
Top