Факультетаралық «Жайдарман» ойындары

М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында факультетаралық «Жайдарман» ойындары өтті. 8 топ қатысқан ойынды танымал әзілкеш, Дулати университетінің түлегі Арман Жаналиев жүргізді. Дәстүрлі түрде өтетін жайдарман ойындары биыл "жекпе-жек" форматында ұйымдастырылды.

Қазылар құрамында Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы Алуа Назарбекова, оқытушы, жайдарман жанашыры Бақытжан Жалпанов, танымал жайдарманшылар Біржан Шөпбай, Файзулла Сағымбаев, Дәурен Көлбай, Қайрат Оразбеков болды.

Қоғамда, студенттік өмірде көрініс берген түйткілдерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізуге тырысқан командалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.

Тартысты сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен "Престиж" командасы ойын жеңімпазы атанды. Факультетаралық жайдарман ойындары жыл бойы жалғасын таппақ.

WhatsApp Image 2022 11 11 at 10.47.53 1

WhatsApp Image 2022 11 11 at 10.47.53 2

WhatsApp Image 2022 11 11 at 10.47.53 3

WhatsApp Image 2022 11 11 at 10.47.53 4

WhatsApp Image 2022 11 11 at 10.47.53 5

Прочитано 675 раз
Top