10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні

Мерекелер күнбізбесін бекіту туралы Қаулыға енгізілген өзгерістерден кейін елімізде күнтізбеде жаңа кәсіби мереке пайда болды. Бүгін 10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкері күні.

Енді 10 қарашада ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтетін болады.

Бұл кәсіби мерекенің енгізілуі цифрлық трансформацияны жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлер, IT-кәсіпкерлер және IT нарығының қатысушылары үшін маңызды екенін айта кеткен жөн.

Осындай атаулы күннің аталып өткені – еліміздегі цифрландыру ісін ілгерілетуге өз үлесін қосып келе жатқан кәсіби мамандарға серпін берері анық. Бүгінде бұл саланың қызметкерлері – барлық дерлік салалардағы трансформация драйверлеріне айналғанын атап айтуымыз керек. Тағы бір атап өтетіні, қазіргі еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие мамандық та – осы.

Нарықтағы ындағы сұранысқа ие мамандарды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті даярлайтынын айта кеткен жөн. Университет түлектері бүгінде цифрландыру саласында еңбек етіп жүр.

Прочитано 660 раз
Top