"Жасыл ел" жасағы маусымдық кезеңді аяқтады

2022 жылдың 4 қараша күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға қалалық және аудандық «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары мен жауапты мамандар жиналды. Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы сөз сөйлеп, «Жасыл ел» сарбаздарына өз алғысын білдіріп биылғы жылдың үздіктерін марапаттады. Маусымның қорытындысы бойынша "Жасыл ел" еңбек жасақтарының 2022 жылғы еңбек маусымында Дулати университеті "Үздік оқу орны" номинациясын және ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Ұлтанбаев Арнат Бегдалыұлы "Үздік жастар ісі жөніндегі комитет" номинациясын иеленді.

Салтанатты марапаттаудан кейін жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Прочитано 654 раз
Top