«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы – 2023

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге арналған әлем зертханаларында ғылыми тағылымдама байқауын  жариялайды.

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
  • Мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
  • Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
  • Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП, 2023 ЖЫЛ ЖАЗЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА БАРУҒА  МҮМКІНДІГІҢ БАР!

Бұл үшін 21.10 бастап 30.11.2022ж. дейін қор сайтында өтінімді толтыру қажет.

Бағдарламада әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында  жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 90 күнге дейінгі жалпы саны  10 грантты қарастырылған.

Прочитано 805 раз
Top