Республикалық конкурста жеңіске жетті

Талапшыл болса, дұрыс бағдар беріп, қолдап-қанаттандырған жастардың алмайтын асуы жоқ. Мұны талай өнер-білім бәсекесіне түскен Дулати университетінің студенттері дәлелдеп келеді.

Жақында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты республикалық конкурс өткізген болатын. Осы бәсекеде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3- курс студенті Жұлдызай Жанатбекқызы 1-орынды жеңіп алды.  

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырованың жетекшілігімен конкурсқа өз ғылыми жобасын ұсынған Жұлдызай 18 қатысушының ішінде үздік деп танылды.

Прочитано 722 раз
Top