Жаңартылған білім берудегі оң қадамдар

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты, «Химия және биология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Жаңартылған білім беру мазмұнында биология пәнін оқытудағы әдістемелік ерекшеліктер» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға «Химия және биология» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, 3-4 курс студенттері, мектеп мұғалімдері қатысты. Төле би атындағы №8 гимназиясының биология пәні мұғалімі, педагог шебер Жанара Алдатаева, №51 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Нұргүл Мырзабекова , Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Жанара Жүсіпбекова арнайы баяндамалар оқыды.

Семинар барысында биология пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері туралы бағыт берілді. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдын-ала белгілі және нақты критериийлер бойынша объективті бағалау жолдарын талқыға салынды.

WhatsApp Image 2022 11 01 at 15.06.19

WhatsApp Image 2022 11 01 at 15.06.24

 

Жансая Абдрахманқызы,

«Химия жане биология» кафедрасының оқытушысы.

 

Прочитано 785 раз
Top