Анталиядан алтынмен оралды

Анталияда  армрестлингтен өткен әлем біріншілігінде Дулати университінің студенттері Қазақстан қоржынына 2 медаль салды.  Айзат Саттарова чемпион атанып, ел мерейін көтерсе, Ерсін Станбек жүлделі қола медальді еншіледі. 

Бұл жас спортшылардың әлемдік деңгейдегі алғашқы жеңістері. Бұған дейін Республика көлемінде ұйымдастырылған қол күрестен жүлделі орын иеленіп келген. Басты мақсаттары – ел байрағын көкке көтеру.

– «Күні бүгінге дейінгі жеткен жетістіктеріме ешқашан тоқмейілсіген емеспін. Бұдан да биік шыңдарды бағындыруды көздеймін. Қазақстанымның көк байрағын әлемге танытсам деймін. Тек армандап қою жеткіліксіз әлбетте. Осы жолда нақты мақсаттар қойып, табанды еңбек ету керек деп есепеймін. Осы бағыттағы жұмыстарымды жүйелі түрде жалғастыра бермекпін», – дейді Ерсін Станбек. Бала күнінен спортты жанына серік еткен Ерсін жарыс, бәсеке айтарлықтай ауырға соқпайтынын атап өтті. Себебі, жүйелі түрде шынығу, іздену адамға сенімділік тудырады дейді ол.

Алғашқы әлемдік жарысынан чемпион атанған аруымыз Айзад Саттарованың арманы 4 дүркін әлем чемпионы атану.

– Қыздар үшін бұл спорт түрі қиын емес. Тек дұрыс тәсілдер қолданып, уақыттан ұта білу керек. Бұл ретте бапкерлердің тәжірбиесі өте қажет. Бүгінгідей жеңіске жетуіміз – сенімділік пен дұрыс бағыт-бағдардың нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта бізді үлкен шыңдар мен белестер күтіп тұрғанын білемін. Ата-анамыздың, еліміздің қуанышын арттыру үшін барынша жұмыстар атқарамыз.

Спортшыларға жеңісті күндер тілейміз!

WhatsApp Image 2022 10 28 at 18.08.04

Прочитано 668 раз
Top