


2022 жылғы 17 мен 21 қазан аралығында әскери кафедра студенттерімен Республика күніне арналған әңгіме өткізілді. Әскери кафедра оқытушысы отставкадағы майор Оңалбеков Қ.Ә. мерекенің тарихы мен жаңғыруын тыңдаушыларға жеткізді.
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
Мұндай іс-шаралар студенттерге патриотизм сезімін оятуға, өз елінің тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі.


