Мереке қарсаңында футболдан жарыс өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Республика күніне арналған футболдан жарыс өтті. Футбол - ең танымал және әсерлі спорт түрлерінің бірі. Бұл жолы футбол алаңына өзінің шеберлігі мен спорттық дайындығын көрсету үшін спорттың 8 әуесқой командасы шықты. Команда құрамы 3 студенттен және 2 оқытушылардан құралды.
 
Ерекше тартысты додада Ұстаз команда бірінші орынды жеңіп алып, тамаша ойын көрсетті. СШжТҮ институтының командасы екінші орынға тұрақтанды. Үшінші орынды ӨжС факультетінің командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Сұңқар" спорт клубының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды.  Қатысушылар мен жанкүйерлер көңілді күймен тарқасты.

WhatsApp Image 2022 10 22 at 12.37.00

WhatsApp Image 2022 10 22 at 12.37.00 1

WhatsApp Image 2022 10 22 at 12.37.05

 
 
"Сұңқар" спорт клубының төрағасы Дастан Джылысбаев 
Прочитано 655 раз
Top