Халық жазушысына елі еңселі ескерткіш қойды

Мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойында Тараз қаласында қаламгердің еңселі ескерткіші ашылды.

Жамбыл даңғылының бойында, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінің» алдында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан, Халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері Өмірбек Байгелдіұлы, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері атағының тұңғыш иегері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің түлегі, ардақты ұстаз Аягүл Миразова сынды көптеген елге есімі белгілі тұлғалар қатысты.

Жамбыл жұртшылығы, түрлі мекемелердің қызметкерлері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылық құрамы бастаған профессор-оқытушылар жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік шара «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасуда.

RLS 4375

 

 

RLS 4454

RLS 4381

RLS 4397

 

RLS 4466

 

Прочитано 650 раз
Top