Фестиваль ұйымдастырушылары – толерантты жастар

Әр ұлттың өнерін, әдебиетін, дүниетанымын тану үшін толерантты көзқарас керек. Бұл –озық елдердің ғылым-білімін үйренуге деген ынта-ықыластан туған ашық сана. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студент жастары осындай ұстаныммен өнер-білім айдынында еркін құлаш сермеп келеді.

Өз мәртебесіне қайта ие болған – Республика күні мерекесіне орай Дулати университетінің «Ұстаз» институтының толерантты жастары «Өнеріміз саған, Қазақстан» атты ұлттар фестивалін өткізді. Бұл іс-шараға атсалысқандар – «Орыс тілі мен әдебиеті», «Білім берудегі шетел тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Әлем тілдері» кафедраларының студенттері. Ал негізгі ұйымдастырушылары «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Мария Минайдарова және магистр, аға оқытушы Жанар Мыханова болды.

Ұлттар фестивалінің өскелең ұрпаққа ой қалдырарлықтай мәні бар. Бұл бастаманы көтеріп, жастарды ұйыстырушылардың да көздегені – осы. Қалай десек те, бейбітшілік пен ауызбіршіліктің құны қымбат екені анық. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова осыны айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы іс-шараға орай фойеде әр ұлттың әртүрлі ұлттық тағамдары қойылған көрме ұйымдастырылыпты. Келушілер дәмнен ауыз тиіп, әр халықтың тағам әзірлеудегі ерекшеліктерімен танысты.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Атап өткеніміздей, мұндай іс-шаралар жеке тұлғаның тұрақты толерантты ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан жастар арасында осы бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

WhatsApp Image 2022 10 18 at 17.36.42

WhatsApp Image 2022 10 18 at 17.36.43

WhatsApp Image 2022 10 18 at 17.36.43 1

WhatsApp Image 2022 10 18 at 17.36.44

 

WhatsApp Image 2022 10 18 at 17.36.45 1

 

Прочитано 1098 раз
Top